Бүгін, 22 қаңтар күні Жамбыл облысы Кәсіби даму институтының базасында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шахризада Асылбекқызы және қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары Дурия Курмашевна мен әдіскері Гульжан Жадигеровна «Педагогтер мен білім беру ұйымдары басшыларын қолдауда кәсіби даму институтының рөлі» тақырыбындағы диалог алаңында институттың басшылық құрамымен кездесті.
Диалог алаңында келесі өзекті мәселелер талқыланады:
-Заманауи сын-тегеуріндер жағдайында кәсіби даму институтының рөлі мен міндеттері.
-Педагогтерді кәсіби дамытуға арналған тиімді тәсілдер.
-Білім беру процесіне инновациялар мен үздік тәжірибелерді енгізу.
Сондай-ақ, институт директоры кездесу барысында институт дамуының басым бағыттары материалдық техникалық базасы және профессор-оқытушылардың толық құрамымен таныстырды.