2022 жылдың 3 мамырында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп базасында «Биология-химия сабақтарында оқушының кең ауқымды дағдыларын дамыту тәсілдері» тақырыбында мұғалімдердің облыстық форумы өтті. Мақсаты: еліміздің болашағы жас ұрпақтың зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлеуметтік бейімделуі мен сыни ойлау дағдысын қалыптастыру негізінде фунционалдық сауаттылығын дамыту. Форум барысында педагогтердің оқыту әдістемесін жетілдіру мен тәжірибе алмасу мақсатында 9 ашық сабақтар, 3 шебер-сынып ұйымдастырылды. Биология мен химия сабақтарында жүргізілетін зертханалық жұмыстар мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырылды. Сонымен бірге мұғалімдер мен оқушылар назарына тірі табиғат мүйісін тамашалау мүмкіндігі болды. Форумға қатысушылардан құралған чатта іс-шараның өтілу барысы жайлы ақпараттар дер кезінде берілді. Форумға жиналған 100-ге жуық педагогтардың өз тәжірибесін дамытуға, педагогикалық идеяларды жинақтауға мүмкіндік жасалды.«Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Раймкулова Жанат Абдикалыковна








