«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алаңында әдістемені енгізудің барысы жан-жақты талқылады.
Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова рейтингтік бағалау әдістемесі педагогтерді бақылау үшін емес, керісінше ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. «Әдістеме негізінде үздік педагогтер мен басшылардың республикалық дерекқоры қалыптасады. Бұл дерекқор кәсіби қауымдастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға жол ашады», – деді Айдана Шилибекова.
Бағалау ерікті түрде «Ұстаз» ұлттық платформасында жүргізіледі. Әдістеме педагогикалық өлшемдердің озық халықаралық тәжірибелерін ескере отырып әзірленді (PISA, IELTS, SAT). Сонымен қатар оның негізіне деректер көлемінің артуы мен жасанды интеллекттің озық мүмкіндіктерін ескере отырып, тұрақты жетілдіру тетігі енгізілген.
«Өрлеу» орталығы педагогтерді қолдауды жалғастырып, білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстарын әрі қарай да жүйелі түрде жүргізбек.