Педагогтың ойынды ұйымдастырудағы рөлі

01сәуір күні «Түймеқыз» балабақшасы базасында филиал аға оқытушысы А.Жұмабаеваның жетекшілігімен «Мектепке дейінгі топтың заттық – кеңістіктік дамытушы ортасы. Педагогтің ойынды ұйымдастырудағы рөлі» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған семинар өтті. 🔹Семинар мақсаты – балалардың ойын әрекеті үшін мектепке дейінгі топтың заттық- кеңістіктік дамытушы ортасын жобалау компоненттерін және ойынды ұйымдастырудағы педагогтің ұстанымын игеру. Тәжірибелік бөлімінде «Түймеқыз» ертегісін қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін кеңейтіп және «Игрария еліне саяхат» іс-әрекетін өткізу ғажайып саяхат арқылы сиқырлы әлемнің қызықты ойындарын орындады. Сондай-ақ, «Балалармен жұмыс істеуде дамыту ойындарын қолдану негізінде балаларды зияткерлік дамыту» іскерлік ойыны арқылы педагогтар мен балалардың бірлескен іс- әрекетінде ұлттық құндылық көрініс тапты.🔹Курс тыңдаушылары ақпараттық технологияға негізделген және біртұтас тәрбиеге бағытталған жұмыстарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Озық тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге және балабақша ұжымына алғыс білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар