2023 жылдың 04 желтоқсан күні Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты мен Алмалы ауданына қарасты №96 жалпы білім беретін мектеп бірлесіп «Педагогтің функционалдық сауаттылығы – білім алушылардың функционалдық сауаттылғын дамытудың негізі» тақырыбында қалалық тәжірибелік-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – пән мұғалімдерінің оқыту тәжірибелеріндегі функционалдық сауаттылықты дамытуды жетілдіру және курстан кейінгі қолдау әрекеті бойынша ұйымдастырылды.
Семинарға Алмалы аудандық Білім бөлімінің басшысы Зоя Койшыбаева, бас әдіскері Асем Нурбаева, Өрлеу РКДИ аға оқытушылары Жанар Жартынова, Айжан Есентаева, Назерке Карабалева, Назым Аюпова, Фатима Нарсеитова, ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері Рымтай Құлжабайқызы және 40-тан аса қала мектептерінің пән мұғалімдері, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптасытру» тақырыбы бойынша белсенді оқыту тренингі жүргізілді, функционалдық сауаттылықтың барлық түрлерін дамыту, сабақты жоспарлауда түсініп қолдану идеялары ұсынылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқу сауаттылығын дамытуға арналған қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәніндегі мәнмәтіндік тақырыптарды біріктіретін дайджест сабақтар өткізді. Бұл тәжірибедегі жаңашылдық – үш тілде оқушылардың оқу сауаттылығындағы ақпаратты түсіну, рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру.
Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Айжан Есентаева PISA халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасындағы соңғы үш жылдың талдау нәтижесімен бөлісті. Кері байланыс ретінде семинарға қатысушыларға сұрақтар қойып, мәселелерді шешу жолдарын қалыптастыратын іс-шаралар жоспарларын атап өтті.
Семинар соңында Алмалы ауданы Білім бөлімінің бас әдіскері Асем Нурбаева дайджест сабақтардың жоғары деңгейде өткізілгенін атап айтты. Ардагер ұстаз, семинардың құрметті қонағы, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері Рымтай Құлжабайқызы бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықты айтып, өз ойымен бөлісті.








