2023 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Адыбаева Ләззат Жетісу өңірінде педагог-ассистентерге арналған “Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту” тақырыбында курсын өткізді.
Курста тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау негіздерін, педагог-ассистенттің сыныптағы оқу жұмысына физикалық жеке сүйемелдеу және көмек көрсетуді үйренді. Сонымен қатар, қазіргі тенденциялар мен күрделіліктер, командалық өзара іс-қимыл және педагог-ассистент тәжірибесіндегі Action Research әзірлеу кезеңдері мен ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың сүйемелдеудегі жаһандық EdTech трендтері тақырыбында өз тәжірибелерін арттырды.






