Оралдағы «Өрлеу» институтында тыңдаушылармен «Педагог» кәсіби стандартының жобасы талқыланды. Курс тыңдаушыларымен өткен «Интерактивті уақытқа» жүзге тарта мұғалім қатысты.
Шарада «Педагог» кәсіптік стандартының мазмұнымен кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлдана Тасқалиева таныстырып өтті. Жаңа буын «ұстазына» мүмкіндік беретін кәсіптік стандарт бойынша білім беру бағдарламалары, педагогтерді сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіптік даму мазмұны жаңартылғанын жеткізді. Сонымен қатар 2017 жылы әзірленген стандарт пен жаңа стандарттың айырмашылықтарына тоқталды.
Кәсіптік стандарттың педагогтер үшін маңызын талқылау барысындағы пікірталасты аға оқытушы Алина Абишева өткізді. Курс тыңдаушылары кәсіптік стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби дамуына бағыт беретін темірқазық болатынына сенім білдірді.



