«Педагог» кәсіби стандартының жобасы талқыланды

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында Қызылорда облысының білім басқармасының қолдауымен «Педагог» кәсіби стандарты туралы алғашқы талқылау өтті.

Ақпараттық-түсіндіру вебинарына Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті, Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облыстық әдістемелік орталықтың мамандары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-ғалымдары, техникалық және кәсіптік, педагогикалық білім беретін жоғары колледж оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, мектеп директорлары мен орынбасарлары, педагогтер және БАҚ өкілдері қатысты.

Вебинардың кіріспе сөзін институт басшылары ашып берді. Іс-шара барысында спикер Ақмарал Ләпбаева қатысушыларға жаңа ұрпақ «Педагогі» кәсіби стандартының мазмұнын таныстырды. Аталған стандарттың артықшылықтары құрылымдалған өсу принципі бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін қолдану аясында, педагогтердің біліктілік санаттарына байланысты құзіреттіліктері шеңберінде көрсетілді.

Вебинардың қорытындысында қатысушылар арасында пікір алмасу болды. Педагогтер құжаттың маңыздылығын атап өтіп, өз ұсыныстарын айтты. Педагогтердің ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, жаңа стандарт мұғалімнің кәсіби өмірінде басты бағдар болады деп үміттенеміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар