«Педагог» кәсіби стандартын талқылау жалғасуда

2022 жылдың 18 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Аюпова Назым Алиятовна Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы орта білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент»  біліктілікті арттыру курсының аясында «Педагог» кәсіби стандарты» тақырыбында интерактивті сағатын өткізді.

Интерактивті сағатын өткізу барысында тренер педагогтің кәсіби құзыреттілігінің бірыңғай түсінігін қамтамасыз ету мен өзгерістерді басқару және өзінің педагогикалық қызметінің мазмұнын бейімдеудегі негізгі мақсатын анықтай отырып, толық мағлұмат беріп өтті. Түсіндіру барысында өзгерістер мен инновациялық үдерістерге тоқтала отырып, мұғалімге сабақ беру, оқыту және тәрбиелеуде көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беретінін, білім беру ұйымдарында оқыту мен дамуды жақсартуға ықпал ететіндігін айқындады.

Тыңдаушылар өздерінің кері байланыстарында педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттерді дамыта отырып, өздерінің кәсіптік өсуін басқаруда тиімді қолдануды тәжірибеде ұштастыратындарын атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар