«Педагог» кәсіби стандартын талқылау жалғасуда

20 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында жаңа  «Педагог»  кәсіби стандарты бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасты.

Бүгін институт директорының оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Күміс Байкатова мен Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Өтеғұл облыстық, қалалық, аудандық мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары және педагогтермен жаңа стандартты  талқылады.

Вебинарда 160-тан аса қатысушылар «Кәсіби педагог стандарты не үшін қажет?, Кәсіби стандарт педагогтің үздіксіз кәсіби дамуына қалай әсер етуі мүмкін?,  Кәсіби стандартты қолдану салалары қандай?» деген сұрақтарға толық ақпарат алды.

Іс-шарада педагогтер секциялық топтарға бөлініп, мамандық карточкаларын жан-жақты қарастырып, ой пікірлерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар