2022 жылдың қазан айының 18 күні Астана қаласы педагогикалық қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Педагог» кәсіби стандартының білім беру жүйесі субъектілерінің уәжді және белсенді түсінуі үшін ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Семинар жұмысына 300-ден астам адам, олар білім басқармасының, әдістемелік орталықтың, білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері, мектеп, колледж директорлары және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қатысты.
Семинар спикері, Астана қаласы бойынша Өрлеу филиалының директоры Гүлназ Мылтықбайқызы Есжанова «Педагог» кәсіби стандартының жобасын таныстырып, негізгі мазмұнының сипаттамасын жүргізді, қолдану салаларына, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі шеңберінде, педагогтардың біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік өлшемдеріне назар аударды.
Семинарға қатысушылар қоғамның білікті педагог кадрларға деген жоғары сұранысын ескере отырып, талқыланатын Стандарттың маңыздылығын, педагогикалық еңбек сапасының нормалары мен өлшемдерін бірыңғай түсінудің маңыздылығын атап өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар педагогтарды әлеуметтік желілерде өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісуге және astana.ipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберуге шақырды.