2022 жылғы 17 қазанда «Педагог» кәсіби стандартын талқылау жұмысын жүргізу үшін қаланың педагогикалық қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында филиал қызметкерлері үшін семинар өткізілді.
Өрлеу филиалының Астана қаласы бойынша директоры Гүлназ Мылтықбайқызы Есжанова «Педагог» кәсіби стандартының жобасын таныстырып, негізгі мазмұнын сипаттап, қолдану салаларына, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі шеңберінде, педагогтардың біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік өлшемдеріне назар аударды.
Г.М.Есжанова кәсіби стандарт мазмұнын талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарымен таныстырып, курс тыңдаушылары үшін семинарлар мен интерактивті сағаттарды өткізу әзірлемелерінетоқталды.
Оқытушы Түсіпова Гүлмайра Өмірбекқызы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін интербелсенді сағатты өткізу барысы туралы сұрақ қойып, стандарт жобасы қай платформада орналастырылатынын нақтылады.
Стандартты егжей-тегжейлі талқылауды Филиал оқытушылары білім деңгейлері бойынша семинарларда жүзеге асырады.