«Педагог» кәсіптік стандартының интерактивті сағаты өтті

2022 жылдың 19 қазанында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Байболова Гүлжанат Габдулахметқызының жетекшілігімен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің базасында «Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент» курсы аясында білім беру ұйымдарының басшылары «Педагогтің» кәсіптік стандарты жобасын талқылады.

Жоба бес топта жан-жақты қарастырылды. Тәжірибелі директорлар талқылау барысында «Педагог» кәсіптік стандарты: Қоғамдағы педагогтің рөлін айқындайды; Гуманизм, педагогикалық білім мен білік, этикалық нормалар, педагогикалық шеберлік, кәсіптік білім, құзіреттілік, инновациялық білім беруді құндылықтар ретінде қабылдайды; Педагог-шебер санаттары бойынша кәсіби дамиды деген тұжырымға келді.

Топтық талқылау барысында төмендегідей ұсыныстар айтылды:

1. Мектепке  дейінгі білім беру мекемелері тәрбиешілері мен әдіскерлеріне қойылатын талаптарда педагог мамандарға көп міндеттеме жүктелген. Тәрбиешілер мен әдіскерлер балаға тәрбие бере ме, әлде ғылыммен айналыса ма?!- деген ашық  сауалдар қойылды;

2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы инклюзивті топтар ашу қажеттілігі: бірінші сыныпқа қабылданған оқушылардың сөйлеу (тіл) барысындағы кедергілерді жою үшін ерте жастан анықтап, арнайы мамандардың (сурдолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог) жұмыс жасауы маңызды;

3. Білім беру ұйымының мұғалімі – оқу үдерісін жүзеге асыруда оқушының оқуға ынтасын қалыптастыру үшін ата-анамен байланысты күшейту қажет;

4. Білім алушылардың білім мазмұнын меңгерудің үдерісі мен деңгейін бақылауда, бақылап қана қоймай, оқушылардың оқу нәтижесіне мән беруі керек;

5. Мамандыққа қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тартуда оқушыларды еңбекке баулу ерекше орын алады. Адами құндылықтарды қамти отырып тәрбие үдерісін жүйелі жүргізу міндетті;

6. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыруда мұғалім жас мамандарды жұмысқа қабылдаудағы тест тапсыру қайта қаралса. Бұл үдеріс жас маманның жұмысқа құлшынысын баяулатады;

7. Ауыл ұстаздарының географиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып, зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауды ұсынамыз;

8. Педагогтің кәсіптік стандарты жобасында облыстық, қалалық және аудындық білім бөлімі әдіскерлері, кәсіби бағдар беру педагогі, әлеуметтік педагог және кітапханашы қызметтері қарастырылмаған;

9. Жобадағы ұсынылған логотипті өзгертсе. Педагог қызметі баламен байланысты болғандықтан, логотипте оқушы, мектеп, ер азаматтардың бейнеленуін сұраймыз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар