2022 жылдың 20 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Тайтанова Нуржамал Қамбылқызының жетекшілігімен Шымкент қаласы, №1 Talant жекеменшік мектебінің базасында орта білім беру ұйымдары басшыларымен «Жаңа буын «Педагог» кәсіби стандартын» жобасын талқылау бойынша семинар өткізілді.
Іс-шара барысында, кәсіби стандартты, оның мақсаттарын, қолдану салаларын, мамандық картасын, кәсіби құндылықтарын, құзыреттілігін, білімін, оқыту тәжірибесі/тәрбиелеу және оқыту, педагогтердің кәсіби өсуін (дамуын) біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік критерийлерін, дескрипторларды және өзге де мәселелер қарастырылды.
Тыңдаушылар талқылау барысында стандартта педагог қызметінің барлық негізгі бағыттары, олардың мазмұны мен негізгі қағидаттарын іске асыратын міндеттері көрсетілгенін және қолдану аясы белгіленіп, біліктілік критерийлері айқындалғанын атап өтті.















