«Педагог» кәсіптік стандарты жобасы талқыланды

           Қарағанды облысы “Өрлеу” ұлттық біліктілікті арттыру орталығы”  оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Педагог» кәсіптік стандартының жобасын талқылады. Zoom платформасында өткен вебинарға облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдері басшылары, әдістемелік кабинет мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары, Қарағанды облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы, институт қызметкерлері,  200-ге жуық педагог қатысты.
            Вебинар барысында институт директорының м.а М.А. Жетписбаева кәсіптік стандарт бойынша «Педагог» жобасының мазмұнымен, негізгі мазмұндық бағыттарымен, педагогтердің негізге алуы қажет негізгі білім, дағдыларымен таныстырды.                                                                                                          Жаңа кәсіби стандарт жаңа буын «Ұстазына» оқытудың білім беру бағдарламаларының негіздерін,                                                                                           – педагогтің біліктілігін арттыру және үздіксіз кәсіби дайындық мүмкіндіктерін айқындауға;
– басқа қызмет салаларындағы мамандарды қайта даярлаудағы басымдықтарды айқындауға;
– білім беру/тәрбиелеу және педагогтерді оқыту тәжірибесін, кәсіби міндеттемені, қоғамдық сенім мен құрметті қолдауды ұйымдастыруға;
– кәсіби қоғамдастықта оқыту/білім беру және тәрбиелеудегі педагогтің көшбасшылығын дамытуға мүмкіндік береді.
            Педагогтер санаттары бойынша ақпараттық-түсіндіру вебинарында “Өрлеу” институтының аға оқытушысы М.А.Мукушева жаңа буынның кәсіптік стандартының сипаттамасы, педагогтің негізгі және қосымша қызметінің мазмұны мен міндеттері, сонымен қатар педагогтің кәсіби құзыреттілігінің критерийлері, көрсеткіштері туралы ақпараттарымен бөлісті.
            Вебинар қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшылары берілген ақпараттарды талқылап, өз ұсыныстарын берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар