«Педагог-тәлімгердің шығармашылық лабораториясына экскурсияда» кездесу өтті

2023 жылдың 24-наурызында «Әдіснама және педагогикалық инновациялар», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедраларының аға оқытушылары Зульфия Айнабекова, Мырзайым Сариева, Раушан Керимбекова, Гульмира Избасарова Шымкент қаласының №41 С.Макареноко атындағы ЖОББМ, №80 ІТ-лицей мектебінің мұғалімдерімен «Педагог-тәлімгердің шығармашылық лабораториясына экскурсияда» кездесулер өткізді. Ол кездесуде педагог-тәлімгерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тәлімгерлік қызметтің жүргізілуіндегі басшылыққа алынатын нормативті құқықтық құжаттармен, жас мұғалімге қолдау мен сүйемелдеу жасайтындығы туралы, сабаққа еніп, жас маманның қажеттілігіне орай қалай көмек көрсетіп, сол ұжымға сіңіп жақсы маман болуына ықпал беріп жұмыс атқаратындары туралы толық мәлімдеме берілді. Раушан Керимбекова өз баяндамасында мектептердегі тәлімгерлік қызметті ұйымдастыру туралы, тәлімгер ұстазға қойылатын талаптар, тәлімгердің бекітілу мерзімі, тәлімгер қызметінің жоспарын жасақтаудағы басымдықтарға тоқталды. Тәлім алушы мен жүргізілетін алғашқы диагностикалық сауалнамаларда тәлім алушының педагогикалық мамандыққа көзқарасы, бұл мамандықты таңдауындағы басты мақсаты, оқушыға деген және оқытуға деген қызығушылық қалай қалыптасқандығын анықтап алу керектігі туралы, жас маманға көмек беруге ұсыныс берген Қазақстандық ғалымдардың теориялық білімдеріне тоқталды. Мектептердегі жас мамандар өз тәлімгерлерінен кейін сөз сөйледі, олар мектепке қалай келді, мектеп ұжымы қалай қарсы алды, тәлімгер ұстаздан не алды, қандай жұмыстар атқарып қазіргі кезде қандай деңгейде екендігі туралы айтып берді. Мұғалімдер осы тәлімгерлік жұмыстың мектептегі орны зор екендігіне тоқталды. Осы жұмысты ары қарай қарқынды алып жүретіндігіне сендірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар