Педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер тәжірибесін таратудағы жаңа серпін

2025 жылдың 25 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың педагог-шеберлері мен педагог-зерттеушілеріне өткізген кездесуінде берген Үздік педагогтерді қолдау тапсырмасын іске асыру мақсатында «Авторлық бағдарлама негізінде тәжірибе тарату» атты республикалық конференция «Өрлеу» БАҰО АҚ «Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» базасында осы мекеменің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызының ұйымдастыруымен авторлық бағдарлама, әдістемелік құралдар және озық тәжірибені тарату негізінде Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары филиалдарымен бірлескен шара өте жоғары деңгейде өтті.

Конференцияға жоғарыда аталған төрт өңірдің педагогтері, яғни жүз елуден аса педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер қатысты.

6 педагог-шебер, 6 педагог-зерттеуші өз авторлық бағдарламаларын таныстырып, өз тәжірибелерін төрт өңірге таратуға мүмкіндік алды.

Конференцияда әріптестеріміз құнды дүниелерімен бөлісті, онлайн қатысып отырған әріптестеріміз де баяндамашыларға оң пікірлерін, ұсыныстарын білдіріп, өз ойларын ортаға салып, бағаларын берді.

Конференция шеңберінде педагогтердің авторлық бағдарламалар арқылы оқытудағы жетістіктері мен проблемалары талданып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.

Мұндай іс-шаралар арқылы еліміздегі білім беру сапасы артып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық қызығушылықтары дамиды деп сенеміз.

Конференцияны ұйымдастыру алқасы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар