Педагог шеберлігін шыңдау

2022 жылдың 16 наурызы күні СҚО «Өрлеу» филиалында «Ауыл мектебі – елдің бесігі» жобасын жүзеге асыру аясында «Ұстаздың шығармашылық потенциалын ұтымды қолдануы» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді.

Шеберлік сынып мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің мәртебесін арттыру, шығармашыл педагогтерді қолдау және инновациялық тиімді тәжірибені тарату.

«Ауыл мектебі – елдің бесігі» жобасын жүзеге асыруға бағытталған шеберлік сыныпқа Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту зертханасының меңгерушісі, ф.ғ.к. А.Н.Мукушева, Қызылжар ауданы, «Қызылжар Абай орта мектебі», Қоғамдық қоры директорының ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. К. Кайнетова және СҚО «Өрлеу» филиалымен оқу-әдістемелік сүйемелдеу саласында тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында Меморандум жасаған «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған Білім-Инновация лицей-интернаты» өкілдері және облыс педагогтері белсенділік танытты.

Шеберлік сынып аясы ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту, бейінді мамандардың жұмысын жандандыру, ауыл педагогтеріне қолдау көрсету және инновациялық тиімді тәжірибесімен алмасуларына мүмкіндік беру өзекті болды.

Аталған іс-шара облыстың білім беру ұйымдарының педагогтерін қолдау, үздік педагогтерің тиімді тәжірибесін тарату, ауыл мұғалімдерінің қоғамдағы беделін арттыру және шығармашыл мұғалімді анықтау мен қолдауға негізделді. Педагогтеріміз шеберлік сынып көрсету барысында пәнді оқыту аясындағы тәжірибелерімен бөлісе отырып, көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың өзіндік ұстанымдарын, мәтіндегі автор бейнесін ашу, мәтін арқылы оқылым дағдысын дамыту мәселелері туралы өзіндік шеберліктерін дәлелдей түсті.

Іс-шара қорытындысында ұсынымдар жобасын қабылданды және белсенділік танытқан әріптестеріміз Алғыс хатпен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар