Педагог өміріндегі әлеуметтік медиа

«Өрлеу»- Ақмолада әлеуметтік желілерде білім беру контенттерін жасаушы педагогтердің кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушылар сапалы пост жазу, парақшаларды ресімдеу, марафондар мен тікелей эфирлерді жүргізу бойынша идеяларымен бөлісті.  Мұғалімдер әлеуметтік желілерде оқушылар және ата-аналармен жұмысқа арналған көптеген ресурстар, технологиялар мен тәсілдерді  ұсынды.   Әлеуметтік медиада балаларға жағымсыз әсер ететін проблемаларға ерекше көңіл бөлінді.  Талқыланған сұрақтар көлемі мен өткізілген іс-шараның шығармашылық градусы қызметтің бұл түріне  артып келе жатқан қызығушылықты және   оның заманауи мектеп өміріндегі маңызын көрсетеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар