Петропавл қаласының №27 жалпы білім беретін орта мектебінде пән мұғалімдері мен инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагог-ассистенттерді біріктірген «Инклюзивті мектептегі оқытуды жобалау»тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарды ұйымдастырушы-модератор – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша КДИ» ҚГБ кафедрасының аға оқытушысы Әсем Ахметова.
Кездесудің негізгі мақсаты – ЕББҚ бар білім алушылардың қажеттіліктерін ескеретін инклюзивті білім беру саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Семинардың кірсіпе бөлімінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша КДИ» директоры, п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Ләйлә Альмағамбетовa және КММ «№27 жалпы білім беретін орта мектеп» директоры Салтанат Қоқушева қатысушыларға семинар жұмысының сәтті өтуіне өз ықыластарын білдіріп сөз сөйледі.

Семинар аясында «Бірлескен оқыту дизайны: мұғалім мен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің өзара әрекеттестігі» атты интерактивті воркшоп өткізілді. Оны СҚО Білім беру басқармасының КММ «Әдістемелік орталық» әдіскері Елена Балтина жүргізді.

Мектеп тәжірибесінен алынған практикалық кейстер мен нақты жағдаяттарды №27 мектептің Ресурс орталығы әдіскері, арнайы педагог-дефектолог Виктория Косенко ұсынды.
Семинар бағдарламасының мазмұнына сәйкес қатысушылар

  • интерактивті тимбилдинг;
  • шеберлік-сабақтар;
  • тәжірибелік лаборатория;
  • оқу контентін бейімдеу құралдары;
  • ЕББҚ бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау тәсілдері бойынша өткізілген жұмыстарға белсене қатысып, тәжірибе алысты. Сонымен қатар, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
    Семинар соңында QR-код арқылы қолжетімді интерактивті фидбэк формасы бойынша қатысушыларға жедел кері байланыс беру мүмкіндігі ұсынылды.
    Практикаға бағытталған семинар өңірдегі инклюзивті білім берудің сапалы дамуына ықпал ететін кәсіби қауымдастықтарды дамыту және табысты тәжірибелерді тарату алаңы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар