🎉«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жыл сайынғы Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің конкурсы өз мәресіне жетті.
🎉Республикалық сараптама кеңесі қорытындысы нәтижесінде медиа-ақпараттық сауаттылық бағыты бойынша Павлодар қаласы , А. Байтұрсынов ат. Инновациялық үлгідегі орта мектебінің информатика пәні мұғалімдері Антон Смурыгин мен Алёна Антонова І орынға ие болып, жеңімпаз атанды. 📍Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістің төрінен көріне беріңіздер!