Президент Жолдауын ББЖҚБАРИ-да талқылау

2022 жылдың 1 қыркүйегінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын атап өтті. 2022 жылдың 2 қыркүйек айында ББЖҚБАРИ ұжымы Үндеуді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізіп, Президенттің Жолдауы елдің одан әрі дамуына ықпал ететін нақты, мақсатты сипатқа ие екенін белгіледі.

Жолдауда орта білім беру жүйесіндегі мектептердегі орын тапшылығы туралы, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатыны айтылды. Бұл бағытта мемлекет басшысы жаңа мектеп салу туралы тапсырма берді. Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастыруда басты үміт мұғалімдерге артылады.

Сонымен қатар, Президент Жолдауында «Ұлттық қор – Балаларға» атты мүлде жаңа бағдарлама қолға алынатыны айтылды. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар