Президент Жолдауы – жаңа кезеңнің бастамасы! 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ барлық филиалдарында, соның ішінде Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында ZOOM-конференция арқылы ұжымдық тыңдалым өтті.

Шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ АРҚЫЛЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» атты Жолдауы кеңінен түсіндіріліп, негізгі бағыттары талқыланды.

Жолдаудың негізгі аспектілерін – Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор – Венера Абыханқызы Жексембекова жан-жақты түсіндіріп берді. Ол өз сөзінде ел дамуының жаңа кезеңінде цифрлық серпін мен адами капиталды нығайтудың ерекше маңыздылығына тоқталды.

Жолдауда адами капиталды дамыту, ғылым мен білімді интеграциялау, инновацияларды қолдау, сондай-ақ цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды.

Әсіресе Мемлекет басшысы жасанды интеллектті меңгерудің маңыздылығына тоқталып, бұл үдерістен педагогтар да шет қалмауы керектігін атап өтті. Ұстаздардың кәсіби дамуы мен оқыту тәжірибесіне ЖИ технологияларын енгізу – білім саласын жаңа деңгейге көтерудің басты алғышарты екені ерекше айтылды.

Осындай мазмұнды шаралар ұстаздар мен қызметкерлердің ел дамуына қосар үлесін арттырып, кәсіби дамуына тың серпін береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар