Пәнаралық байланысты орнатуға бағытталған тиімді тәжірибелерді жүзеге асыру: №56 орта мектеп

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Педагогтердің кәсіби дамуын басқару» тақырыбы аясында семинардың екінші бөлімі бойынша мектепте пәнаралық байланысты орнатуға бағытталған тиімді тәжірибелерді жүзеге асыру мақсатында №56 ЖББОМ педагогтерінің тәжірибелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. «Өрлеу-Ақтөбе» филиалының кафедра аға оқытушысы Б.Бухарбаев көркем еңбек және АӘД сабағына қатысып, кері байланыс жасалып, әдістемелік ұсынымдар берді. Сабақ кезеңдерінде білім алушылар белсенді танымдық процеске тартылды, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған топтық жұмыстар жүргізіліп, бірлескен жұмыстарда желілік ресурстар қолданылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар