Пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы “Илья Молутов(Бахтия) атындағы №3 орта мектебінде” Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Мариям Мухамадиеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып,  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне әдістемелік  қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылды.

Семинарға  Енбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Жамбыл, Райымбек, Талғар аудандарынан 60-қа жуық ұстаздар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімдері көптеген білім беру платформаларын және оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдермен танысып шықты.  Ұйғыр аудандық оқу әдістемелік орталығының аға әдіскері Эльмира Рысмендиева іс-шараға қатысқан ұстаздар жұмыстарына жоғары бағасын берді.

Іс-шара соңында, қатысушыларға Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ директоры атынан құрмет грамотасы, алғыс хат пен сертификаттар табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар