Пәндерді оқытуда оқушылардың интеллектуалдық мәдениетін дамыту

«Ақтөбе-Өрлеу» мен №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы арасындағы меморандум аясында “Пәндерді оқытуда оқушылардың интеллектуалдық мәдениетін дамыту” тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға аға оқытушы, магистр Сауле Сулейменова қатысты.Шара барысында мұғалімдер 2 топқа бөлініп практикалық бөлімде кіріктірілген сабақ жиындығында тәжірибеде жинақтады. №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мұғалімдері пәнаралық байланыс арқылы жоғары деңгейдегі сабақ мақсаттарына жету жолдарын практикалық жұмыстар арқылы көрсетті. Сонымен қатар коучинг өткізіліп, кіріктірілген сабақ тиімділігі талқыланып ой жинақталды. Мектеп психологі және дене шынықтыру пәні мұғалімдері тимбилдинг өткізді. Тимбилдинг барысында кіріктірілген сабақтардың топтық ережелері және ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыруға арналған тапсырмаларды орындап семинар барысында рефлексия өтті.

№78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы ұжымына және барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар