Ағымдағы жылдың 19 мамырында Айгүл Әбілова мен тәжірибелік логопед Ольга Субботкина Тараз қаласының №16 бөбекжай-бақшасы базасында «Ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеу қабілеті бұзылған тәрбиеленушілер үшін пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған семинар-практикум өткізді.
Семинар-практикум барысында спикер Субботкина Ольга логопедиялық жұмыстың тиімді технологияларымен, яғни Стрельникова бойынша тыныс алу гимнастикасы, Виммельбух бойынша сөйлеуді дамыту әдістемесі, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқытудың және сөйлеуді дамытудың жеке траекториясын әзірлеу алгоритмімен бөлісті.
Семинар-практикум соңында қатысушылар қойылған барлық сұрақтарға жауап алып, құнды ақпарат бергені үшін Жамбыл – «Өрлеу» ұжымына алғыстарын білдірді.