1-12 тамыз аралығында Оралдағы «Өрлеуде» «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өтуде. Курс жетекшісі – Кәсіби білім беру кафедрасының тәжірибелі аға оқытушысы Сайра Сексенбаева. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-6 -сыныптарының музыка пәні мұғалімдеріне арналған курста 25 тыңдаушы өз біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасуда.
Курс барысында музыка пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұн негізі мен жүзеге асыру қағидаттарын жіктеп, музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық және функционалдық сауаттылығын дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданау бойынша білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар оқу үдерісін жоспарлау және жобалау кезінде оқытудың белсенді әдістері мен нысандарын қолдануды пысықтады.
Курс аясында бірнеше шеберлік сыныптары өткізіліп, білікті педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.


