Ағымдағы жылдың 10 мамыр күні «Өрлеу»-Орал Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен пәндік біліктілік арттыру курстары басталды. Институттың аға оқытушылары аудандарға шығып, қысқамерзімді курстар өткізуде.
«Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту 5-9 сыныптар» тақырыбында Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебінде аға оқытушы Таскалиева Гүлдана Ерсайынқызы жетекшілік етуде.
Курстың мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің күрделі тақырыптар бойынша теориялық, практикалық және әдістемелік дағдыларын кеңейту.
Курс барысында педагогтер теориялық және практикалық білімдерін ұштастыра отырып, пәнді оқытудың ұйымдастырушылық, мазмұндық, әдістемелік, тұжырымдамалық негіздерін меңгереді.



