Пәндік курстар өтуде

26 қыркүйек күні Оралдағы «Өрлеу» институтының ұйымдастыруымен Ақжайық ауданында математика пәні мұғалімдеріне арналған курс бастау алды. Біліктілік арттыру курсының тақырыбы «5-9 сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» .

Пәндік курсты кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманова Анаргул Жумабаевна жүргізуде. Мақсаты: 5-9 сыныптарда оқытылатын күрделі тақырыптарды оқыту  саласында матеатика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру.    Сабақ барысында курс тыңдаушылары  пәннің теориялық негіздерін түсініп,  оқу бағдарламасының талаптары деңгейінде пәндік мазмұнды талдауды, әр түрлі күрделілік деңгейіндегі есептерді шешудің тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдануды және    күрделі тақырыптар бойынша қысқа мерзімді жоспарлар құруды меңгеріп, біліктіліктерін жетілдіреді

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар