Пәндік құзыреттіліктерді арттыру курстары аяқталуда

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық тәжірибесі – оқушылардың білім жетістігіне оң әсер етуші факторлардың бірі.

Бүгін «Өрлеу» Қызылордада қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы аяқталды.

Заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген мұғалімдердің берік білім жүйесін құруға мүмкіндік беретін Бағдарлама ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің Tenses, Gerund, Voices, Idioms, Phrasal verbs, Speaking skills, Essay writing сияқты күрделі тақырыптар бойынша пәндік-әдіснамалық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Курс барысында педагогтеріміздің білім беру бағдарламаларын табысты меңгеріп, жазу, сөйлеу, тыңдау және оқу дағдылары бойынша грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдануды пысықтау, сабақтың теориялық негіздерін дәйектілікпен зерделеу, сабақтарды жобалау және күрделі тақырыптар бойынша сараланған тапсырмалар жасау дағдыларын қалыптастырғанына сенімдіміз!

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін арттыру – Өрлеудің басты назарында.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар