Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» институтында «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» тақырыбында курс бастау алды. Біліктілік арттыру курсына ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысуда. Курсқа Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Мухашева Арайлым Гарифуллаевна жетекшілік етуде.
Курс мақсаты: 5-9 сыныптарда оқытылатын күрделі тақырыптарды оқыту саласында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік-әдіснамалық құзыреттілігін жетілдіру.
Курс барысындакүрделі тақырыптың теориялық негіздерін түсінгенін көрсетеді, күрделі тақырып бойынша сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу аясында грамматикалық құрылымдар, лексикалық, стилистикалық минимумды қолданады, сабақтарды жобалайды және күрделі тақырып бойынша сараланған тапсырмалар жасайды.



