Пәндік құзыреттіліктерін дамытуда

26 қыркүйек пен 7  қазан аралығында Оралдағы «Өрлеу» институтында «7-9 сыныптарда география пәні бойынша педагогтердің пәндік құзіреттіліктерін дамыту»  тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтуде. Курс тренері кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Абишева Алина Мұратқызы.

Мақсаты: Заманауи талаптарға сай теориялық және практикалық мәселелерді шешудің ғылыми әдістерін меңгере отырып, бақылау жүргізуге, нәтижелерді талдау арқылы география пәні мұғалімдерінің білім сапасын арттыру.

Курс тыңдаушылары пәнді оқытудың ұйымдастырушылық-мазмұндық және әдістемелік негіздері бойынша білімдерін жетілдіріп,  география пәні бойынша сараланған күрделі тақырыптарды оқытуда тұлғаға бағдарланған және іс-әрекеттік тәсілдерді қолдануды меңгереді. Сондай-ақ оқу мен оқыту тәжірибесінде белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерін  және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану дағдыларын жетілдіреді.

 6 қазан күні  осы мақсат міндетті жүзеге асыру, теорияны практикамен ұштастыру, тәжірибе алмасу мақсатында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «География сабақтарында  тиімді оқыту мен бағалауды жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы шеберлік сынып ұйымдастырылды. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, шеберлік сыныптың тақырыбы мен қарастырылған мәселелердің пайдалы әрі қажетті болғандығын және жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар