Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Орал «Өрлеу» институтында орта білім беру ұйымдарының қазақ және орыс тілдерінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар) мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өтуде.
Курс жетекшісі Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Габбасова Багдагул Беккалиевна.
Мақсаты: интербелсенді – ең күрделі тақырыптар бойынша бастауыш сынып мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту.
Курс барысында тыңдаушылар пәндер бойынша күрделі тақырыптарды оқытуда алған теориялық білімдерін қолданады, оқытудың қажетті әдістері мен тәсілдеріне іріктеу жүргізеді, әр тақырып бойынша тапсырмалар тізбегін “математика”, “қазақ тілі” және “әдебиеттік оқу”пәндері бойынша жобалап, пәндік білім негізінде өз әріптестерінің демо-сабақтарын, тапсырмалар тізбегін талдайды.



