Пәндік құзыреттіліктерін дамытуда

7 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар) мұғалімдерінің «Математика”, «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс басталды.        Біліктілік арттыру курсына Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Алипкалиева Гульфия Бекетовна жетекшілік етуде.

       Курс барысында педагогтер жаңа бағдарлама бойынша өз пәндерін терең меңгеріп, күрделі тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді қарастырады. Кәсіби құзыреттіліктерін дамыту барысында өзара тәжірибе алмасып, практикалық тапсырмалар орындайды.

Курс тыңдаушылары алғашқы күні диагностикалық тестілеуден және курс соңында қорытынды тестілеуден өтеді. Тест нәтижесі бойынша сертификаттар беріледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар