03.04-21.04.2023 жылы Оралдағы «Өрлеу» институтында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту», «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту», «Жаһандық құзыреттіліктер» , «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру» тақырыптарында бірнеше курстар басталады. Курсқа Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары Г.Б. Алипкалиева, Н.К.Ишангалиева, А.Ж. Абдрахманова, Д.Ш. Жумагалиева, С.К. Сексенбаева, Н.Самиғолла сынды тәжірибелі тренерлер жетекшілік етеді.



