Пән мұғалімдеріне арналған бірнеше курстар  басталды

               

   Бүгін 18 қараша күні  Оралдағы «Өрлеу» институты мен қала мектептерінде Мақсатты мектеп жобасы аясында пән мұғалімдеріне арналған бірнеше курстар  басталды. 

      Мақсатты мектептер жобасы әдістемелік көмектер қажет ететін мектептермен кешенді жұмысты көздейді. Бұл курстар ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Жоба аясында ұстаздар үшін арнайы тренингтер, семинарлар және тәжірибе алмасу платформалары ұйымдастырылады.

   Курстар төмендегі тақырыптар бойынша бастау алды:

1.Бастауыш сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (4 курс),

2. Формирование функциональной грамотности обучающихся в начальных классах,

3.Биология сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,

4.Математика сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (2 курс),

5.Формирование функциональной грамотности обучающихся на уроках математики,

6.Информатика  сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (2 курс),

7.Физика сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,

8. География сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,

9. Тарих сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (2 курс),10.  Химия сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,

11.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (2 курс),

12. Ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру(2курс),

13. Информатика  сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,

      Курстар Казталов ауданында және №26 ЖББОМ, №33 ЖББОМ, №22 ЖББОМ базаларында және «Өрлеу» филиалында өтуде. Пән мұғалімдеріне арналған курсқа Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының тренерлері мен қатар шақырылған тренерлер жетекшілік етуде.          Курс тренерлеріне сәттілік тілейміз! Пән мұғалімдеріне «Өрлеумен» бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар