2022 жылдың 16 ақпан күні Орал «Өрлеу» институтында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға жалпы білім беретін мектептің 30-ға жуық пән мұғалімдері қатысты.
Вебинардың мақсаты: инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Вебинар барысында Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) жоғары санатты педагог-психологы Шуйншалиева Сәуле Әділгерейқызы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ПМПК және ҚР басқа да типтегі мекемелерінің түзету-диагностикалық-кеңес беру қызметі тақырыбына тоқталып, денсаулық ауытқуларының негізгі категориялары бойынша психофизикалық даму ерекшеліктерін жан-жақты ашты; балалық шақтағы аутизмі бар балаларда жиі кездесетін мінез-құлық және эмоционалдық проблемаларды сипаттады.
Вебинар нәтижесінде қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау бойынша пайдалы әдістемелік ұсыныстар, сұрақтарына жауаптар алып, лекторға алғыстарын білдірді.


