31 тамыз – 9 қыркүйек аралығында Оралдағы «Өрлеуде» «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9сыныптар)» тақырыбында қосымша қысқамерзімді курс өтуде. Курс жетекшісі тәжірибелі тренер, аға оқытушы Таскалиева Гүлдана Ерсайынқызы. Қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдеріне арналған курста 25 тыңдаушы өз біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасуда.
Курс мақсаты: тарих пәні мұғалімдерінің 5-9 сыныптарда күрделі тақырыптарды оқыту бойынша пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру.
Курс барысында тыңдаушылар 5-9 сыныптарда күрделі тақырыптарды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, тақырыптар бойынша тапсырмаларды жобалау дағдыларын игереді.
Курс аясында педагогтердің жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне сәттілік тілейміз!



