18.05.2023 күні Шымкент қалалық №22 жалпы орта мектебі базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалы педагогтері, магниттік мектептерге әдістемелік сүйемелдеуге арналған «Пән мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту деңгейіне қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Қалалық семинар барысында институт директоры Лаура Искакова пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту деңгейіне қойылатын заманауи талаптар мен білім берудегі жаңа трендтер жайлы пікірімен бөлісті.«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Лаззат Кенжехожаева және Гульмира Қуанышбек сараланған тапсырмаларды тиімді қолдану мен жүйелі сабақ жоспарлау бағытында шебер-сынып өткізді. Семинар нәтижесінде тәжірибелік тапсырмалар орындап жаңа әдіс-тәсілдер меңгерген пән мұғалімдері «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалы ұжымына алғыстарын білдірді.

- 18 Май
- 2023