«Педагогикалық идеялар панорамасы -2023» байқауы республикалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы -2023» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.
Республикалық Сараптама кеңесінің қорытындысымен Батыс Қазақстан облысынан оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, медиа-ақпараттық және мәдениетаралық сауаттылық бағыттары бойынша 6 педагогіміз жеңімпаз атанды.
Оқу сауаттылық бағыты бойынша Орал қаласы, Эстетикалық бағыттағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гүлайм Сағиева, математикалық сауаттылық бағытында Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының ұстаздары информатика пәні мұғалімі Айбек Кинешов пен математика пәні мұғалімі Аружан Аскарова 3 орын алды. Сондай-ақ медиа-ақпараттық сауаттылық бойынша №41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Гүлдария Куанышкалиева мен биология пәні мұғалімі Назерке Боранбайқызы, мәдениетаралық сауаттылық бойынша Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №2 ЖОББМ-тің ағылшын тілі пәні мұғалімі Гаухар Нияр жеңімпаз атанып, жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 19 желтоқсанда Астана қаласында өтеді. Республикалық кезеңде жүлделі орын алған жүлдегер-ұстаздарымызды құттықтаймыз, қызметтеріне толағай табыстар, кәсіби өрлеу тілейміз!




