Астана қаласында өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық байқауында жеңімпаздар марапатталды. Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты шарада үздіктер анықталды.
• Цифрлық сауаттылық бағытында топтық жұмыс ретінде ІІ орынды Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің мұғалімдері Шыңғыс Әділхан мен Нұрдәулет Байзақов иеленді.
• Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу) бағытында топтық жұмыс ретінде ІІ орынға Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылындағы «Ақ көгершін» балабақшасының әдіскері Сымбат Канафинова және тәрбиешісі Нургул Алмабекова лайық деп танылды.
• Мәдениетаралық сауаттылық бағытында топтық жұмыс бойынша Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр ауылының №38 мектеп-гимназиясының ұстаздары Рустам Оразалиев, Дина Сулейманова және Анар Әшім ІІІ орын алды.
Барша жеңімпаздарды құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуде еңбектерінің жемісін көруін тілейміз. Республикалық байқауға қатысушылардың белсенділігі жыл өткен сайын артып келеді, бұл Қазақстанның білім саласындағы жетістіктерінің кепілі.




