Республикалық байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

2024 жылдың 12 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының өңірлік кезеңі өтті.

Жалпы алғанда байқауға қатысуға 222 өтінім қабылданды. Бейнематериалдар лекция, сабақ, практикалық/зертханалық жұмыс, шеберлік сыныбы, бейне-подкаст және сандық білім беру ресурсы түрінде болды.

12 номинация бойынша өңірлік кезеңнің жеңімпаздары атанды. Оның ішінде І орынға 11 қатысушы (9 дара және 2 топтық жұмыс), ІІ орынға 21 қатысушы және ІІІ орынға 26 (22 дара және 4 топтық жұмыс) қатысушы иеленді.

Байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарына дипломдарды салтанатты түрде Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев және «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушылары Бақытжан Отарбаев пен Анар Қайролдаева тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаз педагогтары 12 номинация бойынша 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар