Республикалық байқау мәресіне жетті

Оралдағы «Өрлеу» институты ұйымдастырған «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» республикалық сырттай байқауы қорытындыланды. Аталмыш байқау облыстық деңгейде 2014 жылдан бері өткізіліп келеді, осы жылдар аралығында аудандар бойынша 119 ауылдық типтегі мектептер қатысып, бақ сынады.

Ауылдық мектептің педагогикалық ұжымының оқу-әдістемелік қызметі мен цифрлық сауаттылық құзыреттілігі бойынша іс-тәжірибесін тарату, ауыл мектебінің беделін көтеру мақсатындағы биылғы байқауға Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан 17 ауылдық мектеп қатысты.

Жолданған бейнематериалдар байқау Ережесіне сай жоғары Full HD сапада дайындалған, бейнефильмді жасауға тұтастай шығармашылық топ жұмыстанғанын байқауға болады, сонымен қатар, өңірлік «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен бірлескен жұмыстарды толық көрсеткен.

Байқауға дайындалған бейнефильмде мектептің тарихының қызықты тұстары, жұмыс нәтижелері, жетістіктері, үздік тәжірибелері цифрлық форматқа айналып, болашақ ұрпаққа пайдалы бейнеөнім болады.    

Байқаудың қорытындысына сай 1-орынды Ақмола облысы Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллинатындағы мектеп-гимназиясы; 2-орынды Батыс Қазақстан Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейі, Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забелов ЖББМ; 3-орынды Түркістан облысы  Шардара ауданының «Жаушықұм» мектеп-лицейі, Жамбыл облысы Меркі ауданы М.Әуезов атындағы ЖОББ мектеп-лицейі, Қарағанды облысы Абай ауданы Мичурин негізгі орта мектебі иеленді.

Сондай-ақ «Нәтижелі білім ордасы» номинациясымен Қызылорда облысы Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі, «Ізгі бастамалар мектебі» номинациясымен Павлодар облысы Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ, «Бірлігі жарасқан педагогикалық ұжым ордасы» номинациясымен Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №13 мектеп-гимназиясы, «Тәрбие мен білім ұштасқан мектеп» номинациясымен Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ардолайты орта мектебі, «Шығармашыл ұжым» номинациясымен Қызылорда облысы Абай атындағы №138 орта мектебі, «Ізденімпаз ұжым» номинациясымен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау жалпы білім беретін мектебі, «Өрлеумен» бірлескен үздік ынтымақтастық алаңы» номинациясымен СҚО, Қызылжар ауданы «Парасат» мектеп-лицейі, «Дарынды ұландар мектебі» Ақтөбе облысы Темір ауданы №3 Шұбарқұдық ЖОББМ, «Жаңа типтегі ауыл мектебі»  Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №7 ЖОББМ,  «Полимәдениетті тұлға қалыптастырушы мектеп» номинациясымен  Алматы облысы Талғар ауданы №29 ЖОББМ, «Төл тарихын терең зерделеген мектеп» номинациясымен Атырау облысы  Құрманғазы ауданы Абай атындағы ЖОББМ.

Байқауға қатысқан мектептердің ұжымдары мен оларға қолдау көрсеткен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарына алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар