Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің конкурсы өз мәресіне жетті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жыл сайынғы Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің конкурсы өз мәресіне жетті. 🏅Республикалық сараптама қорытындысы нәтижесінде Маңғыстау облысынан жолданған 10 бағыттан конкурстың 3 бағыты бойынша педагогтеріміз жеңімпаз атанды. -Экологиялық сауаттылық бойынша-Ақтау қаласындағы IT мектеп-лицейінің экологиялық сауаттылық факультативінің жүргізушісі Қызылғұлова Әйгерім 2-орын; -Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша -Ақтау қаласындағы №30 жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі Тұрғаналиева Айнагүл 2-орын; -Медиа-ақпараттық сауаттылық бойынша-Жаңаөзен қаласындағы №4 жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бекболатова Рыскүл 3-орын.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар