«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Толқынай Алиакбаровна курстан кейінгі қолдау мақсатында «Жаһандық құзыреттер – жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызды құрамдас бөлігі» тақырыбында республикалық вебинар өткізді.
Вебинарға Астана, Алматы, Қарағанды және Балқаш қалаларының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен орта білім беру ұйымдарының директордың орынбасарлары, педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар қатысып өз ойлары мен тәжірибелерін ортаға салды.
Республикалық вебинардың мақсаты – жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жаһандық құзыреттіліктердің маңызын және олардың тұлғалық дамуы мен қоғамның тұрақты болашағына әсерін ашу. Жаһанданған әлемде тиімді өзара әрекеттесу үшін қажетті негізгі дағдыларды және олардың мәдениеттер мен халықтар арасындағы үйлесімділікке тәжірибе жүзіндегі ықпалын талқылау.
Вебинардың міндеттері: ғаламдық құзыреттіліктер мен әмбебап адамдық құзіреттіліктер арасындағы байланысты талдау, құрмет, төзімділік және жауапкершілік сияқты құндылықтар; өмір мен қызметтің әртүрлі салаларында жаһандық құзыреттерді сәтті қолдану мысалдарын қарастыру; оқушылар мен мамандар арасында жаһандық құзыреттіліктерді дамыту жолдарын талқылау; білім беру бағдарламалары мен жұмыс үрдістеріне жаһандық құзыреттіліктерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Жиында жаһандық құзыреттердің жалпыадамзаттық құндылықтармен тығыз байланысты екендігі атап көрсетілді. Бұл құндылықтар адам құқықтары, теңдік, құрмет, әлеуметтік жауапкершілік және әртүрлілікке деген құрмет сияқты маңызды аспектілерді қамтиды.
Жаһандық құзыреттер жеке тұлғаның мәдениетаралық коммуникация қабілетін арттырып, әлемнің түрлі бөліктеріндегі адамдармен тиімді және әділ қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Осылайша, жаһандық құзыреттер жалпыадамзаттық құндылықтармен үйлесімді дамып, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.




