Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Арзиева Әлия №153 мектеп-гимназиясында және Алматы қаласының №155 жалпы білім беретін мектебінде болып, мектеп директорымен және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен өзара серіктестік бойынша кездесулер өткізді.
Кездесу тақырыбы мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру мәселелері болды. Тренер мектеп ұжымын Институт қызметімен таныстырды. Дөңгелек үстел қатысушылары біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың маңызды шарты болып табылатынын атап өтті, себебі олар теориялық оқытуды практикалық қызметпен байланыстыруды қамтамасыз етеді.
