Республикалық онлайн дөңгелек үстел өтті


📚Наурыздың 3-ші жұлдызында Өрлеу-Павлодар мен Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалдарының ұйымдастыруымен республикалық онлайн дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау тәжірибесін курстан кейінгі қолдау» атты тақырыбында болды. 📚Жергілікті филиалдың «Педагогика және пәндік әдістемелер» кафедрасының меңгерушісі А. Ахметниязова 8 сынып оқушыларының орыс тілі сабақтарында үздіксіз мәтіндерді (диаграммаларды) құрастыруды үйрету Өміргүл Ертісхан тапсырмаларды құрастыру бойынша білімімен бөліссе, Ж. Слямова “Биология факультативтерінің мазмұнында аймақтық компонентті қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбындағы тәжірибесімен алмасты.
📚Пән мұғалімдерін курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында республикалық онлайн кездесу жиналған оңтүстік пен солтүстік ұстаздарының көңілдерінен шықты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар