«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты мен Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университеті арасында жасалған меморандум аясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары туралы ақпараттандыру мақсатында университетте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пән мазмұнына ендіру» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Семинарды Университеттің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Бердибекова Гулмира Султанбековна салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жастардың бойында адалдық, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Медетбекова Меруерт Аскарбековна «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пән мазмұнына кіріктіру» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, бағдарламаның негізгі бағыттары мен әдістемелік ерекшеліктерін таныстырды.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары белсенді қатысқан іс-шарада:
«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Турлыбековна «Сапалы білім мен саналы тәрбие құндылықтарын кіріктірудің педагогикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.
Шымкент қ. №57, 50, 117, 16 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Тұлғаның рухани-адамгершілік бағдары» тақырыбында сөз сөйледі.
«Тәрбиенің тұтастығы мен сабақтастығы» тақырыбында № 90, 23, 112 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектептің тәрбие жұмысын жоспарлау» бойынша №47, 55, 133, 44 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, семинар барысында бірқатар тәжірибелік бағыттағы шебер-сыныптар мен тренингтер ұйымдастырылды:
«Оқушылардың азаматтық жауапкершілігін дамытуда ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы»;
«Адал азамат» идеясын жүзеге асырудағы сынып жетекшісінің қызметі»;
«Тәрбие сағаттарында “Адал азамат” құндылықтарын тиімді ендіру әдістері»;
«Мен – адал азаматпын»: өзіндік сана мен моральдық ұстанымды қалыптастыру»;
«Педагогтің тұлғалық үлгісі – тәрбие жұмысының өзегі».
Семинар соңында Университеттің ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Раимбердиев Талжан Пердешевич кері байланыс беріп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары туралы айтып өтті. Ол Меруерт Аскарбековна айтқандай «Тәрбиені тек жүрекпен жеткізеді» деген ұстанымды басшылыққа алатынын атап өтіп, сондай-ақ келешекте магистратура және докторантура деңгейінде осы бағытта бірлескен жұмыстар жүргізу қажет екеніне ерекше тоқталды.
Іс-шараны қорытындылай келе, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры Медетбекова Меруерт Аскарбековна қатысушыларға алғысын білдіріп, «Адал азамат» бағдарламасы ел болашағы – жас ұрпақтың адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы басты бағдар болатынын атап өтті.
