Республикалық семинар-тренинг

2022 жылы 23 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Білім беру жүйесінің басшы және     ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Мектеп басшыларын аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбында республикалық семинартренинг өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты: мектеп басшыларына аттестаттаудан өту бойынша әдістемелік қолдау көрсету. Тренинг барысында институт тренерлері мектеп басшыларын нормативтік құқықтық құжаттар мен басқарушылық құзыреттілік бойынша әдістемелік ұсыныстар беріп, Портфолионы әзірлеу тетіктерімен таныстырды.

Семинар-тренингке қатысушы мектеп басшылары өзара пікір алмасып, тәжірибелерін ортаға салды. Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар